Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады.
Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады.
Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»-жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
1-кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, онлайн дауыс беру;
2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан облыстық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының өңірлік деңгейінің жеңімпаздарын анықтау;
2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі:
1) дауыстардың максималды санын жинақтаған, әрбір номинация бойынша үздіктер үштігін анықтайтын, ҚР ЕХӘҚМ-нің сайтында онлайн дауыс беру;
2) онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша анықталған үздік үштіктің құрамынан республикалық комиссиямен «Еңбек Жолы» байқауының республикалық деңгейінің жеңімпаздарын Форум аясында салтанатты түрде марапаттау.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат;
7) қысқа өмірбаянмен ақпарат, дауыс беруге шақыратын әрбір қатысушының үндеуінен тұратын бейнеролик.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдер 2018 жылдың 2 шілдесіне дейін қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпаратты Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 8/7282/ 32-96-74 телефоны арқылы және аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен алуға болады.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru