Кіру сайты


Комиссия отырысына үшжақты комиссия мүшелері мен Іле, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол карталарының орындалуы туралы
2. Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеуін жүзеге асыру бөлігіндегі Жол картасының орындалуы туралы
3. Кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол карталарының орындалуы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З.Ә.Илимжанова баяндама жасады.
Технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифрландыру пайдасына жасалатын құрылымдық өзгерістер (реструктуризация) қызметкерлерді мәжбүрлі жұмыстан босатуға алып келетіндіктен, жұмыстан босатылу жағдайында қысқартылатын қызметкерлерді бар бос жұмыс орындарына ауыстыруды (компания ішінде), жаңа кәсіптерге қайта оқытуды, ұқсас кәсіпорындарға ауыстыруды, кәсіптік бағдар жүргізуді қоса алғанда Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді, ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлікке ынталандыруды, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастыратын Жол картасын бекіту қажет.
Бүгінгі күні облыс бойынша нақтыланған 19 кәсіпорын қатарынан 13 кәсіпорынмен Жол картасына қол қойылды. 2 кәсіпорынмен - қол қою сатысында («Жол-құрылыс басқармасы №13» АҚ, «Казрос-Бройлер» АҚ).
Ал, қалған 4 кәсіпорынмен /«Galans Bottlers» АҚ, «Филипп Моррис Қазақстан» ЖШС /Іле а./, «Научно-производственное предприятие «ИНТЕРРИН» ЖШС /Талғар а./, «Астра-Ломбард» ЖШС /Қапшағай қ./ Жол картасына қол қойылмауына байланысты, комиссия отырысына Іле, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы әкімдерінің орынбасарлары шақырылды.
Екінші мәселе - Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеуін жүзеге асыру бөлігіндегі Жол картасының орындалуы туралы еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары М.Б.Мәдіғұлов айтып өтті. Ол өз баяндамасында еңбек шарттарының бекітілуі, еңбекақы бойынша берешек, қызметкерлердің жұмыстан босатылуы және «Парыз» конкурсының ұйымдастырылуы туралы мәселелерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе - Кәсіпкерлікті дамыту шаралары туралы Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ә.Н.Шаяхметов баяндама жасады. Онда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, кәсіпорындардың оқыту орталықтарында оқыту курстары, «Бастау – Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздерін оқытуды ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Отырыс соңында үшжақты комиссия төрағасы Л.Тұрлашов әлеуметтік әріптестік тараптарына, облыстық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61