Кіру сайты

160520181Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен ағымдағы жылдың 14-15 мамырында Солтүстік-Қазақстан облысының 3 ауданынан (Аққайың, Жамбыл, Қызылжар) келген жұмыс берушілер делегациясының қатысуымен Есік қаласы Еңбекшіқазақ ауданында және Қаскелең қаласы Қарасай ауданында өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 26 ауылдық округтің және Талғар ауданының тұрғындары қатысты. Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 11 ауылдық округтің және Жамбыл мен Іле аудандырының тұрғындары қатысты.
Өңіраралық жәрмеңкеге барлығы 380 адамға жуық қатысып, жұмыс күші тапшы өңірлерге 108 адам қоныс аударуға ниет білдірді.

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61