Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

n16042018

«100 нақты қадам» ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру аясында басқармада мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын арттыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Қызметкерлерді әділ және бастамашыл жұмыспен айналысуға ынталандыру арқылы мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, өз жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізген және кәсіби деңгейін үнемі арттыратын қызметкерлерді ілгерілету жөніндегі жұмыстар жолға қойылған. Бұл жұмыстар қызметкерлердің конкурстық негізде төменнен жоғары лауазымдарға кезең-кезеңімен мансаптық өсуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Атап айтқанда, 2018 жылдың 16 сәуірінде басқармада жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы бос лауазымына ішкі конкурс өткізілді. Бұл лауазымға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жұмыстарын үйлестіру бөлімінің жетекші маманы А.К.Калыков өз құжаттарын ұсынды. Бас маман лауазымына біліктілік талаптары сай болғандықтан және оның құзыреттілігі мен кәсіпқойлығын ескере отырып, жұмысқа адал қатынасы шеңберінде ішкі конкурсқа қатысуға жіберілді. Сұхбат жүргізу кезінде жазу құралдары пайдаланылды.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін басқарма тарапынан байқаушылар мен сарапшылар шақыртылды. Соның ішінде, байқаушылар қатарынан «Жетісу» телерадиокомпаниясы редакторының орынбасары, сарапшы ретінде облыстық білім басқармасының бас маманы К.Нұрпейісова қатысты.
Персоналды іріктеуде меритократия қағидатын енгізу - мемлекеттік қызметшілердің олардың қызметі мен мемлекеттік қызметтегі сінірген еңбегін объективті бағалауда сенімін қамтамасыз етуге халықтың мемлекеттік етуге аппаратқа сенімін нығайтуға және алдымызға қойылған тапсырмаларды тиімді атқара алатын жоғары кәсіби аппарат құруға ықпал етеді.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru