Кіру сайты

nevs04102017 1nevs04102017 2Облыста "Еңбек жолы" байқау "Үздік еңбек әулеті", "Кәсіпорынның жас жұмыскері", "Жұмысшы жастардың үздік жетекшісі" атты үш номинация бойынша өтті.
"Үздік еңбек әулеті" номинациясы бойынша мемлекеттік, ведомстволық марапаттардың болуы, әулет өкілі болып табылатын отбасы мүшелерінің және олардың туыстарының саны, жалпы еңбек өтілі, сонымен қатар дауыс беру нәтижелері ескерілді.

 

"Кәсіпорынның жас жұмыскері", "Жұмысшы жастардың үздік жетекшісі" номинациялары бойынша келесі критерийлер негізге алынды: кәсіби машықтықтың дамуына үлесі, еңбегі үшін бірнеше мәрте марапаттарының болуы, біліктілік деңгейі, жеке еңбегінің жетістіктері және басқа да жағымды сипаттама беретін қасиеттері, сонымен қатар дауыс беру нәтижелері.
"Еңбек жолы" конкурсы аудандар мен қалаларда ағымдағы жылдың маусым айында басталды. Конкурс еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмыскерлері арасында өткізілді. Ұсынымдар еліміздің экономикасына елеулі еңбек үлесін қосқан ең үздік еңбек әулеттері және меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорын, мекемелердің жұмыскерлерінен қабылданды.
Облыстық деңгейде байқау осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жалғасты. Облыс әкімінің сайтында "Еңбек күні" баннері әзірленіп, байқауға қатысушылардың бейнероликтері орналастырылды. Жеңімпаздарды анықтаудағы негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде - онлайн режиміндегі дауыс беру нәтижелері ескерілді.
"Еңбек жолы" конкурсын өткізудің негізгі мақсаты - Еңбек Адамының мәртебесін жоғарылату, ең үздік еңбек әулеттері мен кәсіпорын жұмысшыларын айқындау, жастарды еңбекті қадірлеу рухында тәрибелеу, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, еңбек өнімділігін ынталандыру, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау және арттыру болып табылады.
2017 жылы байқауға қатысуға үш номианция бойынша 35 үміткерлерден құжат тапсырылды. Байқау жеңімпаздарын айқындайтын комиссия құрылды. Байқаудың нәтижесінде үш номинация бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1. «Үздік еңбек әулеті»:
1 орын - Букеевтер әулеті - Ақсу ауданы, отағасы - Букеев Айдос Толымбекұлы - "КТЖ-Жүк тасымалы" АҚ "Алматы бөлімшесі" ЖТ "Матай пайдалану локомотив депосының тепловоз машинисі болып жұмыс жасайды.
2 орын - Берсановтар әулеті - Талдықорған қаласы, отағасы - Берсанов Алихан Хамидович №16 орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі.
2. "Кәсіпорынның жас жұмыскері":
1 орын - Мусин Арман Конопьяұлы - Сарқан ауданы, "Жетісу-Изолятор" ЖШС-нің инженері.
2 орын - Белокуров Николай Николаевич - Талдықорған қаласы, Қайнар АКБ" КИПиА слесарі.
3. "Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері":
1 орын - Әлқуат Алтынай Тұрсынбекқызы - Текелі қаласы, №17 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі.
2 орын - Потуданский Иван Михайлович - Іле ауданы, "Алматы электро станциясы ТЭЦ-3 қазандық жабдықтарының машинисі.
Сонымен қатар, онлайн режимінде дауыс беру нәтижесі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 3 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді (Берлинбаевтар әулеті (Қаратал ауданы), Сахариев Қажымұрат (Талдықорған қ.), Русинова Татьяна (Текелі қ.).

Соңғы жаңалықтар

gos sl kz

etikagos sl ru

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61