Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

news16112018 12018 жылдың 15 -16 қарашасы аралығында Алакөл, Саркан, Ақсу аудандарында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева мен жетекші маман М. Сүлеймен "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өткізді.
Аталған кездесуде бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін мемлекеттік гранттар беру туралы түсініктеме берілді. Сонымен қатар, қатысушылар Бағдарламаның үш бағытын іске асыру барысы туралы да хабардар етілді.
Б. Джаксыбаева "Мемлекеттік гранттарды ұсыну шарттары мен тетігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының қатысушыларына жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен" анықталғанын атап өтті. Мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер, Бағдарламаларға қатысушылардан басқа, Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған қоныс аударушылар мен оралмандар болып табылады. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті инвентарьды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады"-деді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сындарлы диалог құрылды.

 

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru