Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Еңбек күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында, өңірлік сәйкессіздіктерді және демографиялық теңгерімсіздіктерді жою, Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады. Бағдарламаға қатысушылар жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударуы ерікті түрде жүзеге асырылады.
Шығу аймақтары Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан (Оңтүстік Қазақстан), Қызылорда және біздің облыс болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері айқындалған облыстары: Жамбыл, Маңғыстау, Түрікстан (Оңтүстік Қазақстан), Қызылорда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері айқындалған облыстары: Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысушылар болып табылады.
Өңіраралық ерікті қоныс аударуда басымдықты пайдаланатындар:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп - интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік Ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") жобасы аясындағы түлектер;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарын бітірушілері оқу орнын аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде;
3) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістер мен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» № 264 қаулысына сәйкес квотамен белгіленген қабылдау аймақтарында оқитын ауыл жастары арасынан шыққан түлектер 10 пайыз мөлшерінде.
Осы мақсатта өңіраралық жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Ағымдағы жылы облыстан 461 отбасын солтүстік-шығыс өңірлерге көшіру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілерінің қатысуымен облыстың 20 аудандары мен қалаларында 22 өңіраралық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Барлық 241 ауылдық округтен қоныс аударуға ниет білдірген тұрғындар қамтылды.
Нәтижесінде өз еркімен солтүстік өңірлерге 152 отбасы жалпы саны 626 адам қоныс аударды.
Оның ішінде:
- Солтүстік Қазақстан облысына - 39 отбасы (153 адам);
- Павлодар облысына - 52 отбасы (211 адам);
- Қостанай облысында - 23 отбасы (84 адам);
- Шығыс Қазақстан облысына - 38 отбасы (178 адам).
Жұмысқа қабілетті азаматтар қатарынан көшіп келген отбасылардың 85 адамы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:
- Солтүстік Қазақстан - 20 адам;
- Павлодар – 32 адам;
- Қостанай - 15 адам ;
- Шығыс қазақстан облысы-18 адам.
Отбасы басшылары негізінен теміржол көлігінің жұмысшылары (11 адам), медицина қызметкерлері (9 адам), түрлі кәсіпорындардың жүргізушілері (23 адам), механизаторлар (9 адам), мұғалімдер (10 адам), ветфельдшерлер (3 адам), жеке компаниялардың заңгерлері (3 адам), фермер-жалға алушылар (18 адам) және т. б. жұмысқа орналасты.
Азаматтарды ерікті түрде көшіру кезінде бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуге субсидиялар беруді және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуді және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді қамтиды:
1) көшуге арналған субсидия - отбасының әрбір мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған субсидиялар – ай сайын 12 ай ішінде қалалық жерге қоныс аударғандар үшін 20 АЕК – 1 адам, 25 АЕК – 2-ден 4-ке дейін және 30 АЕК-тен 5 адам және одан көп мөлшерде;
3) тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге субсидиялар – ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін ай сайын 12 ай ішінде 15 АЕК - 1 адам, 18 АЕК – 2-ден 4-ке дейін және 20 АЕК-тен 5 адам және одан да көп мөлшерде.
Тұрғындар арасында 6 кездесу және 5 дөңгелек үстел арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық «Жетісу» телеарнасындағы жаңалықтарда қазақ және орыс тілдерінде 25 сюжет көрсетілді.
4 брифинг өткізілді, оның ішінде 2 Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысы өкілдерінің қатысуымен.
Жастармен кездесулер АХАЖ-да, жоғары оқу орындарында, ХҚКО, адамдар көп жиналатын жерлерде (базарлар, сауда үйлері, жастарға қызмет көрсету орталықтары) ұйымдастырылып бұл тақырыпқа брошюралар таратылады.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru