Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік сәйкессіздік пен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
2018 жылдың 18 қазанында Талдықорған қаласының Жетісу мемлекеттік университетінде Павлодар облысының жұмыс берушілерінің қатысуымен өңіраралық бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
Делегациямен 200 бос жұмыс орны ұсынылады.
Азаматтарды ерікті түрде көшіру кезінде бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау көшуге субсидиялар беру және тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуқамтылады:
1) көшуге арналған субсидиялар – бір рет отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК мөлшерінде;
2) тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған субсидиялар – ай сайын 12 ай ішінде қалалық жерге көшіп келгендер үшін 20 АЕК – 1 адам, 25 АЕК – 2-ден 4-ке дейін және 30 АЕК-тен 5 және одан көп мөлшерде;
3) тұрғын үй жалдау (жалға алу) бойынша шығындарды өтеуге және коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған субсидиялар – ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін ай сайын 12 ай ішінде 15 АЕК - 1 адам, 18 АЕК – 2-ден 4-ке дейін және 5-тен астам АЕК-ке дейін.
Сіз өз біліктіліктеріңіз бойынша қоныс аудару мүмкіндігімен жұмысқа орналаса аласыз, болашақ кәсіптерді игеруге кәсіби бағдар ала аласыз.
Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru