Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

new280920181Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде басқармада Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді
Жиынды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Ж. Абдалиев өткізді. Іс-шараға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б. Т. Джақсыбаева, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Е.А. Даткаев, басқарманың жетекші маманы М.Б. Сүлеймен, халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорлары қатысты.
Кездесу барысында "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын игеру, қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жұмысқа орналастыру деңгейін көтеру мақсатында жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында тіркеуден өткен оқу орталықтарымен тығыз байланыс орнату қажеттілігі айтылды.
Отырыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру бойынша жұмыс сәттері, гранттар беру, аутсорсинг, электрондық еңбек биржасы мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорларына жұмыс барысында кез келген заң бұзушылықтарға жол бермеуге, алдын алу және болдырмау жөнінде жедел шараларын қабылдау керектігі ескертілді.

new280920183new280920182

 

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru