Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61


 

new0808201812018 жылдың 8 тамызында өңірлік коммуникация қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Джақсыбаева Бақыт Тоқтарқызы және басқарманың ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің басшысы Нұрдуллаева Ақзира Нұрсаулеқызы «Еңбек Жолы» конкурсы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы брифинг өткізді.
Б. Джақсыбаева «Еңбек Жолы» конкурсы - жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді. Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады» - деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Еңбек Жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас жұмыскері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атты үш номинациядан тұратынын айтып өтті. Бүгінгі күнге конкурсқа қатысуға 38 үміткерден: «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша - 10, «Өндірістің үздік жас жұмыскері» номинациясы бойынша - 12, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша - 16 құжат түсті.
А.Нұрдуллаева конкурсты ұйымдастыру шаралары мен өткізу мерзімдеріне толығырақ тоқталып өтті.
Брифинг соңында Б.Джақсыбаева Алматы облысының тұрғындарын «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын айқындау және республикалық конкурсқа жолдау үшін онлайн дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru