Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

new07092018Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін арнайы орталық құрылды. Бүгінде аталмыш мекемеде арнаулы 16 адам қызмет көрсетеді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz
«Алматы облысы бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет ұйымдастыру үшін тегін «1301», «410398» сенім телефондары арқылы қоңырау шалуға болады. Осы күнге дейін 44 адам хабарласып, құқықтық, психологиялық кеңестер алды. Сонымен қатар, орталықта жалпы саны 45, оның ішінде 20 әйел және 25 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді», — дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жеңісбайұлы.
Қызмет алушылар ас мәзіріне сәйкес төрт мезгіл тамақтандырылады. Сонымен қатар стандартқа сәйкес киім-кешектермен қамтамасыз етілген.
Ерлан Абдалиевтің айтуынша, қазіргі таңда 7 әйел жұмысқа орналастырылды, 2 әйел жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен шаштараз, аспазшы курстарына оқуға жіберілген. Екі бала балабақшаға орналастырылса, мектеп жасындағы 3 бала оқу табалдырығын аттаған. Оларға «Мектепке жол» акциясы аясында қажетті мектеп формасы мен бірге оқу құралдары және спорттық киімдер берілді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні әлеуметтік көмек көрсету мекемесінде 17 адам көмек алуда.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru