Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекеше әріптестікті жоспарлау және іске асыру жобасы ережесіне сәйкес, 2018 жылдың 26-наурызындағы №71-Ө бұйрығы негізінде әрекет ететін «Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан басқарма басшысының орынбасары Абдалиев Ерлан Женисбаевич, және жарғы негізінде әрекет ететін «Нұр Әлем Company» ЖШС атынан Нурсеитов Саят Саматович, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Келісімшарт жасасты.
Келісімшарт Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінде 2018 жылдың 3 қыркүйегінде 4734975 нөмірмен тіркелді. Бүкіл мерзімде шығындарды өтеу көздерінің жалпы сомасы 211,4 млн.теңгені құрады.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі:
- МЖӘ нысанын пайдалану – 3 (үш) жыл, 2018 жылдан 2021 жылға дейін. Жобаның басталуы - 2018 жылдың 1-тамызы, жобаның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың 31-шілдесі.
Жобаның мақсаты:
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылында әлеуметтік, оңалту және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы түрлі көмек көрсететін МЖӘ шеңберінде, 25 мүгедек балаға арналған жаңа күндізгі орталықты құру.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru