Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

 

new31072018 12018 жылғы 31 шілдеде өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Т.Джаксыбаева «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты «еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» аясында жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті қоныс аудару жүзеге асырылатынын хабарлады.
Ағымдағы жылы облыстан 461 отбасыны ерікті қоныс аудару жоспарланған.
Бүгінгі күні солтүстік облыстарға 80 отбасы, соның ішінде 23-і Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған.
Брифингте Солтүстік Қазақстан облысынан келген делегация өкілдері және басқарманың көші-қон бөлімінің басшысы сөз сөйледі. Олар өз кезектерінде Панфилов және Кербұлақ аудандарының орталықтарында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің қорытындылары туралы, сондай-ақ қоныс аударушылардың жұмысқа орналасатын ауданы мен мекемесі және оларға көрсетілетін материалдық көмектің түрлері туралы айтылды.

 

 

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru