Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Б.Т.Джақсыбаева өз сөзінде, технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифрландыру пайдасына жасалатын құрылымдық өзгерістер (реструктуризация) қызметкерлерді мәжбүрлі жұмыстан босатуға алып келетініне тоқталды.

«Осыған байланысты, Жол картасы - компанияның қызметкерлерін қолдауға және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған әрекеттерді үйлестіру үшін қарастырылған. Жол картасы жұмыстан босатылу жағдайында қысқартылатын қызметкерлерді бар бос жұмыс орындарына ауыстыруды (компания ішінде), жаңа кәсіптерге қайта оқытуды, ұқсас кәсіпорындарға ауыстыруды, кәсіптік бағдар жүргізуді қоса алғанда Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді, ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлікке ынталандыруды, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастырады»-деп атап өтті.

Жиналыс соңында, қатысушы кәсіпорындар Жол картасына қол қоюмен қатар, болжам бойынша босатылатын қызметкерлерді анықтау және "Еңбек" бағдарламасына белсенді қатысу мүмкіндіктерін қарастыратынын айтты.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru