Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61


Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудыратынын атап өтті. Сонымен қатар, технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифрландыру пайдасына жасалатын құрылымдық өзгерістер (реструктуризация) қызметкерлерді мәжбүрлі жұмыстан босатуға алып келетіні болжануда, бұл әсіресе дәстүрлі салаларға тән (ауыл шаруашылығы, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және т.б.).

Алматы облысы аграрлы-индустриалды аймақ болып табылады. Сол себепті жұмыстан босатылатын еңбек ресурстарын келешегі бар салаларға тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету өте маңызды.

Жол картасы жұмыстан босатылу жағдайында қысқартылатын қызметкерлерді бар бос жұмыс орындарына ауыстыруды (компания ішінде), жаңа кәсіптерге қайта оқытуды, ұқсас кәсіпорындарға ауыстыруды, кәсіптік бағдар жүргізуді қоса алғанда Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді, ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлікке ынталандыруды, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастырады. Жол карталардың әрекет ету мерзімі 2025 жылға дейін қарастырылған.
Жиналыс соңында, қатысушы кәсіпорындар жуық арада Жол картасына қол қою және "Еңбек" бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін қарастыратынын айтты.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru