Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

new07092018Талдықорғанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін арнайы орталық құрылды. Бүгінде аталмыш мекемеде арнаулы 16 адам қызмет көрсетеді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz
«Алматы облысы бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет ұйымдастыру үшін тегін «1301», «410398» сенім телефондары арқылы қоңырау шалуға болады. Осы күнге дейін 44 адам хабарласып, құқықтық, психологиялық кеңестер алды. Сонымен қатар, орталықта жалпы саны 45, оның ішінде 20 әйел және 25 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді», — дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жеңісбайұлы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекеше әріптестікті жоспарлау және іске асыру жобасы ережесіне сәйкес, 2018 жылдың 26-наурызындағы №71-Ө бұйрығы негізінде әрекет ететін «Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан басқарма басшысының орынбасары Абдалиев Ерлан Женисбаевич, және жарғы негізінде әрекет ететін «Нұр Әлем Company» ЖШС атынан Нурсеитов Саят Саматович, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы Келісімшарт жасасты.
Келісімшарт Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінде 2018 жылдың 3 қыркүйегінде 4734975 нөмірмен тіркелді. Бүкіл мерзімде шығындарды өтеу көздерінің жалпы сомасы 211,4 млн.теңгені құрады.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі:
- МЖӘ нысанын пайдалану – 3 (үш) жыл, 2018 жылдан 2021 жылға дейін. Жобаның басталуы - 2018 жылдың 1-тамызы, жобаның аяқталу мерзімі - 2021 жылдың 31-шілдесі.
Жобаның мақсаты:
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылында әлеуметтік, оңалту және педагогикалық қызметті жүзеге асыруға бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы түрлі көмек көрсететін МЖӘ шеңберінде, 25 мүгедек балаға арналған жаңа күндізгі орталықты құру.

«Енбек Жолы» конкурсының женімпаздары анықталып, Республикалық «Енбек Жолы» конкурсына құжаттары жіберілді

«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:
Есбаевтар әулеті

«Өндірістің үздік жас жұмыскері» номинация бойынша:
Қожабеков Арман Касымбекұлы

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинация бойынша:
Абдрахманов Алишер Мұратұлы

new150820182018 жылы тамыз айының 15 жұлдызында мекемемізге Астана қаласы медиацияны дамыту орталығының Текелі қаласындағы кәсіби медиаторы Бекежанов Сакен Жебегенұлы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында С.Бекежанов қызмет алушы тұрғындар мен қызметкерлерге 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация» туралы Заңды және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (2017-2019 жылдардағы бірінші кезең) тоқталып өтті. Басты тақырып медиатор көмегіне жүгіну арқылы дауласқан екі тараптың мәселесін сотқа апармай, ақ-қарасын өзара келісімге келіп анықтау, дауды шешудің ұтымды жолдарын айтты. Дөңгелек үстел сурақ жауап арқылы өтті. Медиатор кездесу соңында қызмет алушылар мен қызметкерлерге қажетті кезде қол ұшын беруге дайын екенін білдірді. Іс-шара соңында қызмет алушылар дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru