Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

2018 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 54959 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған.
Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 49217 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 48642 адам қамтылды немесе 98,8%.
2018 жылға "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру үшін 10706,1 млн.теңге қарастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6695 адамды кәсіптік оқытуға 2556,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:
-кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1229,1 млн.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5160 адамға 1326,9 млн.теңге.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6000,9 млн.теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- 1176 адамға 5424,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда;
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 394,1 млн.теңге;
- операциялық шығындарды субсидиялауға – 96,0 млн.теңге бөлінді.
"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3361 қатысушыға -186,7 млн.теңге (РБ -106,7 млн. теңге, ЖБ – 80 млн. теңге) бөлінді.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2149,2 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 239,5 млн.тенге 1196 адамға;
-жастар практикасына 449,3 млн.теңге 1245 адамға;
-қоғамдық жұмысқа 1366,3 млн.теңге 10554 адамға.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына әлеуметтік жұмыс орындарына 1399 адам, жастар практикасына 1587 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 9021 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5520 адам қамтылды. Кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адам жолданды.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 2202 бос жұмыс орындары тіркеліп, 12031 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына ауылдық жерлерде 2018 жылға бөлінген қаржыдан 792 адамға 3242,2 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді, қалаларда 6 адам 66,5 млн.теңге көлемінде шағын несие алды.

2018 жылы Алматы облысы бойынша Кешенді іс шаралар жоспары шеңберінде 54959 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланған.
Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына 40868 адам жүгініп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 39351 адам камтылды немесе 96,3%.
2018 жылға « Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру үшін 10706,0 млн.теңге қарастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 6695 адамды кәсіптік оқытуға 2556,0 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:
-кәсіптік техникалық оқытуға 1535 адамға 1229,1 млн.теңге;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5160 адамға 1326,9 млн.теңге.
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 6000,9 млн.теңге бөлінді.
Оның ішінде:
- 1176 адамға 5424,3 млн.теңге шағын несие беру жоспарлануда;
- қалаларда және ауылды аймақтарда шағын несиені кепілдендіруге – 394,1 млн.тенге;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК көлеміндегі гранттар 27 адамға 6,5 млн.теңге;
- операциялық шығындарды субсидиялауға – 96,0 млн.тенге бөлінді.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуымен 3361 адамды 80,0 млн.теңгеге қамту жоспарлануда.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 2023,3 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына – 239,5 млн.тенгеге 1196 адамға;
-жастар практикасына 449,3 млн.тенгеге 1245 адамға;
-қоғамдық жұмысқа 1366,3 млн.тенгеге 10554 адамды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне әлеуметтік жұмыс орындарына 1385 адам, жастар практикасына 1326 түлек, қоғамдық жұмыс орындарына 6777 жұмыссыз азамат жолданды.
Жыл басынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 5065 адам қамтылды, оның ішінен 3942 оқұды аяқтап, 2534 адам жұмысқа орналасты немесе 64,2%.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасы арқылы 2452 бос жұмыс орындары тіркеліп, 9002 адам тікелей тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан қалаларда 2017 жылы бөлінген қаржыдан 68 қала тұрғындары 806,2 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2018 жылға бөлінген қаржыдан 497 ауылдық тұрғындарына 2019,6 млн.теңге және 7 қалалық тұрғындарға 66,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

13082018 2Құсманова Сәуле Төлеуқызы 02.07.1977 жылы дүниеге келген. 2018 жылы 25 сәуірде Қаратал ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша микрокредит беру туралы ақпарат алу үшін екінші бағыт бойынша өз бизнесін бастау үшін өтініш білдірді.
2018 жылдың 2 маусымынан бастап Құсманова Сәуле Төлеуқызы 6,0 млн. теңге сомасында микрокредит алып, «Лего-кірпіш» және ТҚК өндіру цехын ашты. Кредит бойынша сервистік станциялар мен шеберханалар үшін жабдықтар сатып алды.
Бүгінгі күні Құсманова Сәуле екі адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп және аудан тұрғындары үшін кірпіш өндіруге тапсырыстар қабылдауда.

chumaevҚапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына Сайлау Байгожанович Чумаев 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелген.
С.Чумаев білімі болмауына байланысты және білім алу тілегін ескере отырып Қапшағай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 2018 жылдың 01 наурыз айынан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты «Қысқа мерзімдік кәсіптік оқыту» аясында электргазбендәнекерлеуші мамандығы бойынша кайта даярлау курсына жіберіліп, шілде айында аяқтады.
Қазіргі таңда «Берік» шаруа қожалыгына дәнекерлеуші мамандығымен тұрақты жұмысқа орналастырылды. Осылайша кедейшілік шегінен шықты.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru