Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекетік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 406 кабинет,  тел: 8/7282/32-96-75,  электрондық адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ,  БСН: 970740001231

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

D-О-4 ****мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

D-O-4

Еңбексiңiрген өтіліне байланысты

min

max

83282

112431

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

I. Әлеуметтік бағдарламаларды талдау және жинақтау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 07.10.2018 ж. дейін),                   1 бірлік, санаты D-O-4 (№ 9-3)

Жоғары білім:  экономикалық, құқықтық саласында

Лауазымдық міндеттері:

Тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеп басшылықпен бекітеді, оны мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады, оған қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Өткізілген конкурстар, баға ұсыныстарын сұрату жолымен өткізілген электрондық сатып алу туралы ақпаратты талдайды, өнім берушілер туралы дерекқорды қалыптастырады. Ашық конкурстар мен баға ұсыныстарын сұрату жолымен мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың нәтижелерін талдайды, және де қайталама конкурстар, баға ұсыныстар туралы ақпаратты ұсынады.Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмыстарына қатысады, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия мүшесінің жұмысын атқарады. Бір көзден мемлекеттік сатып алу жолымен өткізілген келісім шарттар мен есептерді  веб-порталға енгізуді жүргізеді. Келісім шарттар тізілімін уақытында толтырады, тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізеді. Мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.Лауазымдық міндеттеріне сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнатады, өткізілген іс-шаралар бойынша талдау жасайды, арнайы қызмет көрсету жөніндегі есептерін қабылдайды және бекітіліп келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді. Жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына, сұрауларына және басқа да мәліметтер бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды.

Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет», ақпараттық жүйелерін,  Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.

II. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,   D-O-4,  (7-6).

Жоғары білім:  құқықтық, экономикалық саласында

Лауазымдық міндеттері:

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмыспен қамту, олар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жұмысын ұйымдастырады және оның орындалуын қадағалайды. Осы мәселе бойынша мәліметтер  жинақтап, талдау жасайды, ақпарат дайындайды.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар туралы түскен ақпараты уақытында жергілікті уәкілетті органдарға жолдауды қамтамассыз етеді, сонымен бірге оларды жұмыспен қамтуды жұмысын үйлестіреді. Интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу жұмысын ұйымдастырады және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Аймақтық деңгейде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар жөніндегі комиссия отырысына құжаттарды дайындап, өткізуді  ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Аудандық (қалалық)  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан «Жасырын жұмыссыздық жөніндегі мәлімет (қысқартылған және жұмыспен ішінара қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек жөнінде» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны 3-ЕН (жасырын жұмыссыздық)  айлық есепты қабылдап, жинақтайды, талдау  жасап,  есепті айдан кейінгі 7-не дейін  ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінеуақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.Аудандық және қалалық бөлімдерден   өндірістерін толық және жартылай тоқтатқан  және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындар  туралы мәліметтерді күнделікті жинақтап,  тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, жоғарғы және тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде аудандар мен қалаларда осы бағыт бойынша іске асырылатын жобалардың тізімін қалыптастырады, жұмысын үйлестіреді, жергілікті уәкілетті органдардан мәліметтерді жинақтап, талдау жасап ақпаратты  уақытында  жоғарғы органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.Жұмыспен қамту органдарының  мәліметтерінің негізінде, облыс бойынша жұмыстан босатылатын жұмысшылырдың  болжау  жиынтық картасын әзірлеп, жоғарғы органдарға уақытылы әрі сапалы  түрде ұсынуды қамтамасыз етеді.«Нұр Отан» партиясының сұранысы бойынша барлық ақпаратты жинақтап, уақытылы әрі сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді. Алматы облысының шекарасы мен шекаралас ауылды елді мекен бойынша ақпаратты жинақтап, жоғарғы органдарға уақытылы әрі сапалы ұсынуды қамтамасыз етеді. "Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою", "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру", "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерінің, қаулы мен шешімдердің  жобасын уақытында әзірлеуді және  тиісті  органдарға бекітуге ұсынуды  қамтамасыз етеді.

Облыстық стратегиялық жоспар мен аумақты дамыту және т.б. жоспарлардың тиісті тармақтарын әзірлеу үшін  жергілікті уәкілетті органдардан жоспарлардың жұмыспен қамту жөніндегі базалық нысаналы  индикаторларын  қабылдап, жобасын әзірлеп,  талдау жасап, тиісті органдарға облыстық қөрсеткіштерін ұсынуды және орындалуы жөнінде ақпараттарды уақытында  жолдауды қамтамасыз етеді.Жұмыспен қамту органдарынан  Жұмыспен қамту картасын қабылдайды  және облыстық басқармалар мен департаменттерден  тиісті мәліметтерді жинақтап, облыстық орта мерзімдік кезеңге арналған Жұмыспен қамту картасын  әзірлеу жұмысына қатысып,  уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға ықпал ету шаралары  және  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты бойынша облыстық басқармалардың, жергілікті атқарушы органдарының сәйкес бөлімдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен  және де басқа тиісті органдармен жұмыс байланыс орнатуды қамтамасыз  етеді. Жұмыспен қамту бойынша іс шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды  жинақтап,  талдау жасап мониторинг нәтижелерін,  ақпарат пен мәліметтерді  жоғарғы органдарға ұсынуды  қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдардан, облыстық басқармалардан, комитеттерден  жұмыспен қамту мәселелері бойынша түскен бақылаудағы құжаттар мен шешімдеріне,  хаттарға, сұраныстарға жиынтық ақпараттар, анықтамалар және мәліметтер дайындап, уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Министрліктің  интернет-ресурсына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен қатар облыстық басқарманың  сайтына енгізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Бөлім жұмысына қатысты келіп түскен хаттарға,  өтініштерге уақытылы әрі сапалы жауап берілуін қамтамасыз етеді.

Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша  алқа, кеңес отырыстарына  сапалы және уақытылы материалдары әзірлейді. Халықты жұмыспен қамту жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер,  кездесулер және де басқа шаралардың түрлерін  ұйымдастыруға  қатысады. Компьютерлік кескіндеме негізінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі көрнекілік рәсімдеуге, сызба, кесте, диаграммаларды, аналитикалық материалдарды көрнекілеуге байланысты жұмыстарды атқарады.

Өз құзыреті шегінде  Қазақстан Республикасының « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  12.01.2007 жылғы   № 221-III жарлығымен бекітілген заңына сәйкес, бөлімге түскен шағымдарды, өтініштерді қарайды. Жұмыс барысында «Notes бірыңғайэлектрондыққұжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттықжүйелерін,  Word, Excel, Internet және т.б. еңселік бағдарламаларын қолданады.

III. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,   D-O-4,  (7-4).

Жоғары білім:  құқықтық, экономикалық саласында

Лауазымдық міндеттері: Аудандық (қалалық)  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан  "Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп" 1-Е (жұмысқа орналастыру) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанына сәйкес, ай сайын есепті қабылдап, жинақтайды, талдау  жасап, есепті айдан кейінгі 5-не дейін  ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне       уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Адандық (қалалық)  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан «Еңбек нарығындағы ахуал және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны 2-Е (еңбек нарығы) тоқсандық  есепті қабылдап, жинақтайды, талдау  жасап, тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың  15-не дейін  ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Ааудандық (қалалық)  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан «Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін өтініш берген азаматтардың саны туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны 3-Е (жұмысқа орналастыру)  айлық есепты қабылдап, жинақтайды, талдау  жасап  есепті айдан кейінгі 5-не дейін  ҚР  Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне   уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. Алматы облыстық Статистика департаментіне  есепте тұрған жұмыссыздар туралы  мәліметті ай сайын  5-не  дейін ұсынуды қамтамасыз етеді.

Халықты жұмыспен қамту  мәселелері бойынша «Еңбек нарығы» деректер базасын аудандық (қалалық) уәкілетті органдардың уақытында енгізуін, толықтырылуын, қағаз жүзінде сәйкестігін қадағалайды және  сүйемелеуді  қамтамасыз етеді. Облыс әкімі аппаратының мемелекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша  жиынтық  мәліметтерді  ай сайын  20-на  дейін  ұсынуды қамтамасыз етеді.

Жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде мәлімет, жиынтық ақпарат дайындайды, осы жөнінде есеп жүргізуді қамтамасыз етеді. жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңінде үкіметтік емес ұйымдармен байланысты қамтамасыз етіп, осы мәселе бойынша мәліметтерді талдап, қорытындылап, қажетті ақпараттарды тиісті органдарға уақытында  ұсынуды қамтамасыз етеді. Қоғамдық жұмыс орындарын жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық  есептерді,  мәліметті, жиынтық ақпаратты жинақтап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне  уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Облыстық  стратегиялық  жоспар  мен  аумақты  дамыту  және  т.б.  жоспарлардың тиісті тармақтарын  әзірлеу үшін   жергілікті  уәкілетті  органдардан  жоспарлардың жұмыспен қамту жөніндегі базалық нысаналы  индикаторларын  қабылдап, жобасын әзірлеп,  талдау жасап, тиісті органдарға уақытында  ұсынуды қамтамасыз етеді. Облыс әкімдігінің жоғарғы органдармен жасайтын меморандумдарына түйінді нысаналы индикаторларға  мониторинг жасап, мәліметті ұсынады.

Жұмыспен қамту органдарынан  Жұмыспен қамту картасын қабылдайды  және облыстық басқармалар мен департаменттерден  тиісті мәліметтерді жинақтап, облыстық орта мерзімдік кезеңге арналған Жұмыспен қамту картасын  әзірлеу жұмысына қатысады,  жинақтап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне  уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымастыру,  мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілікті жүргізу бойынша облыстық басқармалардың, жергілікті атқарушы органдарының сәйкес бөлімдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен  және де басқа тиісті органдармен жұмыс байланыс орнатуды қамтамасыз  етеді.

Халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауды, болжауды және тиісті органдарды  еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауды қамтамасыз етеді. Жұмыспен қамту бойынша іс шаралардың жүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды  жинақтап,  талдау жасап мониторинг нәтижелерін,  ақпарат пен мәліметтерді  жоғарғы органдарға ұсынуды  қамтамасыз етеді.

Жоғарғы органдардан, облыстық басқармалардан, комитеттерден  жұмыссыздарды кәсіби оқыту, әлеуметтік жұмыс орындар,  жастар практикасы  мәселелері бойынша түскен бақылаудағы құжаттар мен шешімдеріне,  хаттарға,  сұраныстарға,  өтініштерге жиынтық ақпараттар, анықтамалар және мәліметтер дайындап, уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.

Министрліктің  интернет-ресурсына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы айдарына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен облыстық басқарманың  сайтына енгізуді қатамасыз етеді.

Лауазымдық міндеттеріне сәйкес аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Бөлім жұмысына қатысты келіп түскен хаттарға,  өтініштерге уақытылы әрі сапалы жауап берілуін қамтамасыз етеді.

Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша  алқа, кеңес отырыстарына  сапалы және уақытылы материалдары әзірлейді. Хлықты жұмыспен қамту жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер,  кездесулер және де басқа шаралардың түрлерін  ұйымдастыруға  қатысады. Компьютерлік кескіндеме негізінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі көрнекілік рәсімдеуге, сызба, кесте, диаграммаларды, аналитикалық материалдарды көрнекілеуге байланысты жұмыстарды атқарады.

Өз құзыреті шегінде  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  12.01.2007 жылғы   № 221-III жарлығымен бекітілген заңына сәйкес, бөлімге түскен шағымдарды, өтініштерді қарайды.

Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйелерін,  Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz