Соңғы жаңалықтар

Кіру сайты

Индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 406 кабинет, тел: 8/7282/32-96-75,  электрондық адресі: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ,  БСН: 970740001231

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

D-О-4 ****мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

D-O-4

Еңбексiңiрген өтіліне байланысты

min

max

83282

112431

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

I. Әлеуметтік бағдарламаларды талдау және жинақтау бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-O-4 (№ 9-2)

Жоғары білім:  экономикалық, құқықтық саласында

Лауазымдық міндеттері:

Басқарманың қызметін жүзеге асыру үшін, бөлімдерді нормативтік құқықтық құжаттармен, заңдармен  қамтамасыз етеді,  және  енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпараттарды береді.Басқарманың қызметін жүзеге асыру бойынша, нормативтік - құқықтық актілерді есепке алу және енгізу жөніндегі жұмыстарды, заңнамаларды үйлестіреді.

Басқарма қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, заңды құжаттардың құрастырылуына құқықтық көмек көрсетеді  және  Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, іс-шараларды әзірлейді. Жалпыға бірдей құқықтық оқытуды және Қазақстан Республикасы Заңының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"  жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін, және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мониторингінің жүзеге асырылуын  қамтамасыз етеді.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың жобаларын,  бөлім ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтардың және өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың тексерілуін жүзеге асырады.Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, және нормативтік-құқықтық құжаттардың құрылуына құқықтық көмек көрсетеді.

Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және ведомстволық бағынысты ұйымдарының ережелерін бекітеді және келіседі. Облыс әкімдігінің ережелері мен  қаулыларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша әр түрлі комиссиялардың құрылуы туралы мәселелердің жобаларын келіседі. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарайды және ұсыныстар енгізеді. Бөлім жұмысының  жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын бақылайды.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді веб-порталда мемлекеттік сатып алу бойынша және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті жабдықтаушылармен жүргізілетін келісім-шарттарды дайындайды. Заңда белгіленген тәртіппен құқықтық мәселелерді қарау кезінде, сот және басқа да органдарда басқарма мүддесін қорғау.

Басқармаға бақылаушы органдардан келіп түскен ұсынымдарды, наразылықтарды есепке алуды, оларды қарауды қамтамасыз ету. Түскен ұсынымдарға, наразылықтарға жауап дайындайды. ҚР заңнамасына сәйкес, шарт дауларын реттеудің тәртібін сотқа дейінгі тәртіпте сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Талап-арыз өтініштерді,   материалдарды сотқа беруге  дайындайды. Облыс әкімінің түрлі комиссия, жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша сұрақтарды құру жөніндегі, қаулылар және ережелердің бекітілуімен келіседі.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды.

Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет», ақпараттық жүйелерін,  Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан

 

EXPO 2017

3
25let
expo2017 logo kz
egov kz
Халықты жұмыспен қамту және Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іске асырылу барысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы
1512
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Жұмыспен қамту 2011-2020
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы

 


 

Сот кабинетінің sovet ru ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ресми интернет қоры akorda kz modernization kz