Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

БСН: 970740001231, индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 406 кабинет, тел: 8/7282/32-96-75, электрондық адресі:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
1. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 09.05.2019 ж. дейін), 1 бірлік, санаты D-O-3 ( № 7-1)
Лауазымдық жалақысы: Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Жоғары білім: құқықтық, экономикалық саласында
Лауазымдық міндеттері: Блім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, жұмыстың негізгі бағытын анықтайды, аудандар мен қалаларда жұмыспен қамтамасыз ету ісі жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді. Олардың жұмыс нәтижелерін жинақтап, қорытып, талдау жасап, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Бөлім қызметіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiңтехникалық ерекшелiгiн дайындайды, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігін қарап, келісім-шартта белгіленген мерзімде қабылдауды және олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыстың нәтижесін жинақтайды, талдау жасайды, мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру жұмысының неғұрлым тиімді бағытын анықтайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды. Алматы облысының аумағын дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту мәселесі бойынша бөлімінің және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуын үйлестіреді.Есептерді құрастыруға түсініктеме береді және көмек көрсетеді, есепке алудың оң тәжірибесін айқындайды, қорытынды шығарады және енгізуге ұсыныс жасайды.Үкіметтік емес ұйымдар, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен байланыс орната отырып, халықты жұмыспен қамтудың нәтижелі шараларын ұйымдастырады.
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыспен қамту секторларының, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі мен болжау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, сонымен қатар ортамерзімдік жоспар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді Бағдарламасын құру үшін болжау есебін жүргізұді қамтамасыз етеді. Аудан (қала) деңгейлерінде келісімдер, Меморандумдар, т.б. жобаларды дайындауда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Басқарманың алқа мәжілісіне мәліметтердің сапалы және уақытылы дайындалуын қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың барлық шаралары бойынша ақпараттар мен мәліметтердің ұсынылуын және өзара байланысын қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдарға, басқарма басшыларына анықтама, хабарлама және басқа да құжаттарды жүйелеп, жинақтап, дайындайды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы бойынша облыстық комиссия отырысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бөлімдегі іс қағаздарды жүргізуді, құжаттарды қалыптастыруды және іс номенклатурасына сәйкес материалдарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды көбейтуді және оларды жоғары тұрған органдарға, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Министрліктің интернет-ресурсына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының айдарына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен қатар облыстық басқарманың сайтына енгізуді қатамасыз етеді.
ҚазақстанРеспубликасының «Жекежәнезаңдытұлғалардыңөтініштерінқараутәртібітуралы» 12.01.2007 жылғы№ 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттарымен шағымдарын, қажет болған жағдайда орынға шығу арқылы қарайды.
Жұмыс барысында «Notes бірыңғайэлектрондыққұжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттықжүйелерін, Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.
2. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-O-4, (№7-3).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.
Жоғары білім: құқықтық, экономикалық саласында.
Лауазымдық міндеттері:Ааудандық (қалалық) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарданНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша ай сайын есепті қабылдап, жинақтайды, талдау жасап, есепті айдан кейінгі 5-не дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша аудандар мен қалаларда қайта даярлау, біліктілігін арттыру және үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасының жұмысын үйлестіреді, есептік мәліметтерді қабылдайды, жинақтайды, талдау жасап, ақпарат пен мәліметтерді ай сайын, тоқсан сайын жоғарғы органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.Текелі моноқаласы бойынша ақпаратты, мәліметті жинақтап, талдау жасап, тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.
Облыс бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының болжам жобасын әзірлейді, орындалуы бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті органдардың апталық, айлық, тоқсандық есептерін қабылдап, жинақтайды, мониторингін жүргізеді және тиісті органдарға уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша деректерді «Еңбек нарығы» деректер базасына аудандық (қалалық) уәкілетті органдардың уақытында енгізіп, толықтырылуын, қағаз жүзінде сәйкестігін қадағалайды және сүйемелеуді қамтамасыз етеді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы жөнінде есептік мәліметтерді құрады және «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен сәйкестігін қамтамасыз етеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы бойынша облыстық комиссия отырысына құжаттарды дайындап, өткізуді ұйымдастырады, өткізілетін күні, уақыты туралы ақпаратты, қабылдаған шешімдері туралы хабарлауын қамтамасыз етеді.
Халықтың нысаналы тобын (аз қамтамасыз етілгендер, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Казақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, оралмандар, жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері) жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын жетілдіруді қамтамасыз етеді, осы мәселе жөнінде мәліметерді, ақпаратты жинақтап, талдау жасап тиісті органдарға ұсынады. Облыс бойынша жұмыспен қамту жұмыспен орталықтары қызметкерлерінің саны, қызмет сапасы, әрбір қызметкерге келетін жұмыс жүктемесі туралы мәліметтерді жинақтап, мониторинг жүргізу. Облыс бойынша жұмыспен қамту жұмыспен орталықтарының қызметкерлері тарапынан «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін сапалы толтырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Облыс бойынша кәсіби кадрлар бойынша еңбек рыногының қажеттілігін (сұранысын) қалыптастырады, нәтижелі дайындауға ықпал ету мақсатында, кадрларды кәсіби дайындау өрісін бағытқа алған жұмыс топтарымен әлеуметтік әріптестікті дамытуды қамтамасыз етеді. Еңбек рыногындағы кадрлар бөлiгiне сұраныс пен ұсынысты болжауды, талдауды және тиісті органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді. Облыс әкімдігіне «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндежүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды жинақтап, талдау жасап, мониторинг нәтижелерін, ақпарат пен мәліметтерді уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.Облыстық стратегиялық жоспар мен аумақты дамыту және т.б. жоспарлардың тиісті тармақтарын әзірлеу үшін жергілікті уәкілетті органдардан жоспарлардың жұмыспен қамту жөніндегі базалық нысаналы индикаторларын қабылдап, жобасын әзірлеп, талдау жасап, тиісті органдарға ақпараттарды уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жұмыспен қамту органдарынан Жұмыспен қамту картасын қабылдайды және облыстық басқармалар мен департаменттерден тиісті мәліметтерді жинақтап, облыстық орта мерзімдік кезеңге арналған Жұмыспен қамту картасын әзірлеу жұмысына қатысады және оның орындалуына мониторинг жүргізеді. Жұмыссыздарды кәсіби оқытуды нәтижелі түрде ұйымдастыру мақсатында оқу орындарымен, облыстық білім басқармасымен және де басқа тиісті органдармен жұмыс байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Жұмыссыздарды кәсіби оқытуды, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасының жүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды жинақтап, талдау жасап мониторинг нәтижелерін, ақпарат пен мәліметтерді жоғарғы органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.
Жоғарғы органдардан, облыстық басқармалардан, комитеттерден жұмыссыздарды кәсіби оқыту, әлеуметтік жұмыс орындар, жастар практикасы мәселелері бойынша түскен бақылаудағы құжаттар мен шешімдеріне, хаттарға, сұраныстарға, өтініштерге жиынтық ақпараттар, анықтамалар және мәліметтер дайындап, уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. Министрліктің интернет-ресурсына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы айдарына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен қатар облыстық басқарманың сайтына енгізуді қатамасыз етеді.
Лауазымдық міндеттеріне сәйкес аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша алқа, кеңес отырыстарына сапалы және уақытылы материалдары әзірлейді. Халықты жұмыспен қамту жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және де басқа шаралардың түрлерін ұйымдастыруға қатысады. Компьютерлік кескіндеме негізінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі көрнекілік рәсімдеуге, сызба, кесте, диаграммаларды, аналитикалық материалдарды көрнекілеуге байланысты жұмыстарды атқарады.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды. Жұмысбарысында «Notes бірыңғайэлектрондыққұжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттықжүйелерін, Word, Excel, Internet жәнет.б. кеңселікбағдарламаларынқолданады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны: Жалпы конкурсқа қатысып және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26, 4 қабат мекен-жайы бойынша, әңгімелесуден өтетін болады. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru