Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

 БСН: 970740001231, индекс 040000, Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 406 кабинет, тел: 8/7282/32-96-75, электрондық адресі:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

1. Әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы    1 бірлік,   санаты D-O-3 (№ 5-1).

Лауазымдық жалақысы:   Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы  109932 теңгеден  148242 теңгеге дейін.

Жоғары білім:құқықтық, экономикалық, білім, гуманитарлық ғылымдар, қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) саласында

Лауазымдық міндеттері:  Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, негізгі және перспективалық бағыттарын анықтайды,бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, өз құзыреті шегінде міндетті орындау үшін бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар береді, сондай-ақ басқарма басшылығының ұйымдастыру мәселелері бойынша тапсырмасын уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Республикалық және жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің барлық түрлерін төлеуге бағытталған қаражаттардың дұрыс және мақсатты жұмсалуын бақылайды.

Халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған бағдарламалардың жобасын, әлеуметтік төлемдерге бағытталған стратегиялық жоспарларды әзірлеу, әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы Заңдарды жетілдіруге байланысты жоғары тұрған органдарға ұсыныс береді. Аатаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөнінде ай сайын деректерге салыстырмалы талдау жүргізілуін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің тиімділігіне мониторинг кестесінің жасалуын (талдау кестелерінің құрастырылуын) қамтамасыз етеді.

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысын жүргізуді үйлестіреді. Мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуын қадағалап, оның  негізінде  облыстық мүгедектерді оңалту бағдарламасын дайындау, соған байланысты қабылданған шаралардың орындалуын қадағалау және облыс бойынша ақпарат жиынтығын дайындайд. Бөлім қызметіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiңтехникалық ерекшелiгiн дайындау, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты бөлімге ұсыну, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтердіңтехникалық ерекшелiктерінің сәйкестігін қарап, келісім-шартта белгіленген мерзімде қабылдап алуды және олардың берілуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде  үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларын орындау бойынша техникалық ерекшелiгiн дайындайды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға жауапты бөлімге ұсынады. ҰОС ардагерлеріне коммуналдық қызметтеріне өтемақы төлеу және осы санатқа қосымша әлеуметтік көмектің түрлерін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындайды, осы бағыттағы жұмысты қадағалайды.

Облыс әкімдігімен мүгедектер мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін  ұйымдастырады, отырыстың күн тәртібіне байланысты материал дайындайды. Семей ядролық полигон аймағында тұрған азаматтарға біржолғы берілетін жәрдемақыны төлеуге байланысты қажеттілік дайындап, министрлікке ұсыныс беруді қамтамасыз етеді.Мүгедектер мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс орнатады. Әлеуметтік сала бойынша облыстың дамуы туралы кешенді бағдарламаны дайындауды қамтамасыз етеді. Аналитикалық мәліметтер, семинарларға баяндамалар даярлайды. Аудандық, қалалық бөлімдердің қызметкерлеріне семинарлар мен оқыту өткізуді ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің жұмысына байланысты материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын, қажет болған жағдайда орынға шығу арқылы қарайды. Жұмыс барысында «Notes бірыңғай электрондық құжаттама», «E-Қызмет» ақпараттық жүйелерін, Word, Excel, E-mail, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларын қолданады.

2.  Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы(уақытша, негізгі  қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 09.05.2019 ж. дейін), 1 бірлік, санаты D-O-3 ( № 7-1)

Лауазымдық жалақысы:   Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы  109932 теңгеден  148242 теңгеге дейін.

Жоғары білім:   құқықтық, экономикалық саласында

Лауазымдық міндеттері:  Блім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, жұмыстың негізгі бағытын анықтайды, аудандар мен қалаларда жұмыспен қамтамасыз ету ісі жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді. Олардың жұмыс нәтижелерін жинақтап, қорытып, талдау жасап, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Бөлім қызметіне сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiңтехникалық ерекшелiгiн дайындайды, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкестігін қарап, келісім-шартта белгіленген мерзімде қабылдауды және олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыстың нәтижесін жинақтайды, талдау жасайды, мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру жұмысының неғұрлым тиімді бағытын анықтайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды. Алматы облысының аумағын дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту мәселесі бойынша бөлімінің және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуын үйлестіреді.Есептерді құрастыруға түсініктеме береді және көмек көрсетеді, есепке алудың оң тәжірибесін айқындайды, қорытынды шығарады және енгізуге ұсыныс жасайды.Үкіметтік емес ұйымдар, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен байланыс орната отырып, халықты жұмыспен қамтудың нәтижелі шараларын ұйымдастырады.

Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмыспен қамту секторларының, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың мониторингі мен болжау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, сонымен қатар ортамерзімдік жоспар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді Бағдарламасын құру үшін болжау есебін жүргізұді қамтамасыз етеді. Аудан (қала) деңгейлерінде келісімдер, Меморандумдар, т.б. жобаларды дайындауда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Басқарманың алқа мәжілісіне мәліметтердің сапалы және уақытылы дайындалуын қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың барлық шаралары бойынша ақпараттар мен мәліметтердің ұсынылуын және өзара байланысын қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдарға, басқарма басшыларына анықтама, хабарлама және басқа да құжаттарды жүйелеп, жинақтап, дайындайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы бойынша облыстық комиссия отырысын  өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бөлімдегі іс қағаздарды жүргізуді, құжаттарды қалыптастыруды және іс номенклатурасына сәйкес материалдарды жинақтауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды көбейтуді және оларды жоғары тұрған органдарға, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жеткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Министрліктің  интернет-ресурсына Нәтижеліжұмыспенқамтудыжәнежаппайкәсіпкерліктідамытудың 2017-2021 жылдарғаарналғанбағдарламасының айдарына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен қатар облыстық басқарманың  сайтына енгізуді қатамасыз етеді.

ҚазақстанРеспубликасының «Жекежәнезаңдытұлғалардыңөтініштерінқараутәртібітуралы» 12.01.2007 жылғы№ 221-III заңынасәйкес, өзқұзыретішегіндебөлімгекеліптүскеназаматтардыңхаттарыменшағымдарын, қажетболғанжағдайдаорынғашығуарқылықарайды.

Жұмысбарысында «Notes бірыңғайэлектрондыққұжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттықжүйелерін,  Word, Excel, Internet жәнет.б. кеңселікбағдарламаларынқолданады.

3. Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,   D-O-4,  (№7-3).         Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден   112 431 теңгеге дейін.

Жоғары білім:  құқықтық, экономикалық саласында.

Лауазымдық міндеттері:Ааудандық (қалалық)  жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарданНәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың        2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша ай сайын есепті қабылдап, жинақтайды, талдау  жасап, есепті айдан кейінгі 5-не дейін  ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне  уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша аудандар мен қалаларда  қайта даярлау, біліктілігін арттыру және үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындары,  жастар практикасының жұмысын үйлестіреді, есептік мәліметтерді қабылдайды, жинақтайды, талдау жасап, ақпарат пен мәліметтерді  ай сайын, тоқсан сайын  жоғарғы органдарға ұсынуды  қамтамасыз  етеді.Текелі моноқаласы бойынша ақпаратты, мәліметті жинақтап,  талдау жасап, тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді.

Облыс бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының болжам жобасын әзірлейді, орындалуы бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті органдардың апталық, айлық, тоқсандық  есептерін  қабылдап,  жинақтайды, мониторингін жүргізеді және  тиісті  органдарға уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша  деректерді  «Еңбек нарығы» деректер базасына аудандық (қалалық) уәкілетті органдардың уақытында енгізіп, толықтырылуын, қағаз жүзінде сәйкестігін қадағалайды және  сүйемелеуді  қамтамасыз етеді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы жөнінде есептік мәліметтерді құрады және «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен сәйкестігін қамтамасыз етеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы бойынша облыстық комиссия отырысына құжаттарды дайындап, өткізуді  ұйымдастырады, өткізілетін күні, уақыты  туралы ақпаратты, қабылдаған шешімдері туралы   хабарлауын  қамтамасыз етеді.

Халықтың нысаналы тобын (аз қамтамасыз етілгендер,       кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар, Казақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар, оралмандар, жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілері) жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын жетілдіруді қамтамасыз етеді, осы мәселе жөнінде мәліметерді, ақпаратты  жинақтап, талдау жасап  тиісті органдарға ұсынады. Облыс бойынша жұмыспен қамту жұмыспен орталықтары қызметкерлерінің саны, қызмет сапасы, әрбір қызметкерге келетін жұмыс жүктемесі туралы мәліметтерді жинақтап, мониторинг жүргізу. Облыс бойынша жұмыспен қамту жұмыспен орталықтарының қызметкерлері тарапынан «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесін сапалы толтырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Облыс бойынша кәсіби кадрлар бойынша еңбек рыногының қажеттілігін (сұранысын) қалыптастырады, нәтижелі дайындауға ықпал ету мақсатында, кадрларды кәсіби дайындау өрісін бағытқа алған жұмыс топтарымен әлеуметтік әріптестікті дамытуды қамтамасыз етеді. Еңбек рыногындағы кадрлар   бөлiгiне сұраныс пен ұсынысты болжауды, талдауды  және тиісті органдарға  хабарлауды қамтамасыз етеді. Облыс әкімдігіне  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндежүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды  жинақтап,  талдау жасап, мониторинг нәтижелерін,  ақпарат пен мәліметтерді  уақытында ұсынуды  қамтамасыз етеді.Облыстық стратегиялық жоспар мен аумақты дамыту және т.б. жоспарлардың тиісті тармақтарын әзірлеу үшін  жергілікті уәкілетті органдардан жоспарлардың жұмыспен қамту жөніндегі базалық нысаналы  индикаторларын  қабылдап, жобасын әзірлеп,  талдау жасап, тиісті органдарға ақпараттарды уақытында  ұсынуды қамтамасыз етеді.

Жұмыспен қамту органдарынан Жұмыспен қамту картасын қабылдайды  және   облыстық басқармалар мен департаменттерден  тиісті мәліметтерді жинақтап, облыстық орта мерзімдік кезеңге арналған Жұмыспен қамту картасын  әзірлеу жұмысына қатысады және  оның  орындалуына мониторинг жүргізеді. Жұмыссыздарды кәсіби оқытуды нәтижелі түрде ұйымдастыру мақсатында оқу орындарымен, облыстық білім басқармасымен және де басқа тиісті органдармен жұмыс байланыс орнатуды қамтамасыз  етеді. Жұмыссыздарды кәсіби оқытуды, әлеуметтік жұмыс орындары,  жастар практикасының  жүзеге асырылуы жөніндегі ақпараттарды  жинақтап,  талдау жасап мониторинг нәтижелерін,  ақпарат пен мәліметтерді  жоғарғы органдарға ұсынуды  қамтамасыз етеді.

Жоғарғы органдардан, облыстық басқармалардан, комитеттерден  жұмыссыздарды кәсіби оқыту, әлеуметтік жұмыс орындар,  жастар практикасы  мәселелері бойынша түскен бақылаудағы құжаттар мен шешімдеріне,  хаттарға, сұраныстарға,  өтініштерге жиынтық ақпараттар, анықтамалар және мәліметтер дайындап, уақытында ұсынуды қамтамасыз етеді. Министрліктің  интернет-ресурсына Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы айдарына бағдарлама бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты, сонымен қатар облыстық басқарманың  сайтына енгізуді қатамасыз етеді.

Лауазымдық міндеттеріне сәйкес аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсетеді. Бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша  алқа, кеңес отырыстарына  сапалы және уақытылы материалдары әзірлейді. Халықты жұмыспен қамту жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер,  кездесулер және де басқа шаралардың түрлерін  ұйымдастыруға  қатысады. Компьютерлік кескіндеме негізінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі көрнекілік рәсімдеуге, сызба, кесте, диаграммаларды, аналитикалық материалдарды көрнекілеуге байланысты жұмыстарды атқарады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 12.01.2007 жылғы № 221-III заңына сәйкес, өз құзыреті шегінде бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды. Жұмысбарысында «Notes бірыңғайэлектрондыққұжаттама», «E-Қызмет», «Еңбек нарығы» ақпараттықжүйелерін,  Word, Excel, Internet жәнет.б. кеңселікбағдарламаларынқолданады.

Әңгімелесу өтетін орны:  Талдықорған қ, Қабанбай батыр көшесі 26, 4 қабат. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru