Кіру сайты

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.
2018 жылға бөлінген квота мөлшері – 2633 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 98, ІІ санат бойынша - 518, ІІІ санат бойынша - 1059, ІV санат бойынша - 54 және маусымдық жұмыстарға – 904 бірлікті құрады.
Ағымдағы жылдың 1 мамырына берілген рұқсаттардың саны – 686, оның ішінде І санат бойынша - 13, ІІ санат бойынша – 50, ІІІ санат бойынша – 254, маусымдық жұмыстарға-369 бірлік.
Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 165,3 млн. теңгені құрады.
Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 145 мекеме мен кәсіпорында 1013 шетелдік және 15132 қазақстандық азамат еңбек етуде.
2018 жылдың 1 мамырына квота мөлшері 1620 бірлікті құрайды.

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61