Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 469 бұйрығымен Алматы облысына 2018 жылға бөлінген квота мөлшері – 2633 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 98, ІІ санат бойынша - 518, ІІІ санат бойынша - 1059, ІV санат бойынша - 54 және маусымдық жұмыстарға – 904 бірлікті құрайды.
2018 жылдың қаңтар-қазан айларында берілген рұқсаттардың саны - 1110, оның ішінде І санат бойынша - 31, ІІ санат бойынша – 161, ІІІ санат бойынша - 447, маусымдық жұмыстарға – 456 және КА шеңберінде 15 - бірлік. Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 327,3 млн. теңгені құрады.
2018 жылдың 1 қарашасына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 135 мекеме мен кәсіпорында 1001 (оның ішінде КА шеңберінде - 16) шетелдік және 15603 қазақстандық азамат еңбек етуде.
Қалған квота саны 1538 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 67, ІІ санат бойынша - 357, ІІІ санат бойынша - 612, ІV санат бойынша - 54 және маусымдық жұмыстарға – 448 бірлікті құрайды.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru