Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

Халықты жұмыспен қамту іс - шаралары "Халықты жұмыспен қамтудың 2018 жылға арналған кешенді іс - шаралар жоспарының" аясында жүзеге асырылды. Кешенді іс - шаралар жоспарына сәйкес, облыс бойынша 2018 жылы 54959 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 69939 адам (жылдық тапсырмаға 127,3 %), оның ішінде 30541- жұмыссыз, 9095- нәтижесіз өзін-өзі қамтыған азаматтар, 28768 адам - жұмыс іздеушілер, 4228 - аз қамтылған азаматтар жұмыспен қамтудың шараларымен қамтылды.
Жыл басынан 42262 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 1705 адам мемлекеттік және салалық, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын жобаларға, 40557 адам мемлекеттік қолдау түрлерінсіз, яғни облыстағы бос жұмыс орындарына орналастырылды.
Уақытша жұмыс орындарына 14732 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1538, жастар практикасына 1755, қоғамдық жұмыстарға 11439 адам жіберілді.

Хабарландырулар