Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

07092018 22018 жылдың 7 қырқүйегінде Жаркент қаласында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева мен ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің қызметкерлері Г.Енсебаева мен Г.Мусинова Панфилов ауданының 36 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері, шетелдік жұмыс күшін тартушы мекеме басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай және халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы К.Аширжанов қатысты.
Дөңгелек үстелде еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасына қол қою мәселелерімен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасын бекіту жұмыстары туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Б.Т.Джақсыбаева баяндама жасады.
Б.Т.Джақсыбаева өз сөзінде, технологиялық жаңғырту мен экономиканы цифрландыру пайдасына жасалатын құрылымдық өзгерістер (реструктуризация) қызметкерлерді мәжбүрлі жұмыстан босатуға алып келетіні, бұл әсіресе дәстүрлі салаларға тән (ауыл шаруашылығы, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және т.б.) екені атап өтті.
Алматы облысы аграрлы-индустриалды аймақ болып табылатындықтан, жұмыстан босатылатын еңбек ресурстарын келешегі бар салаларға тиімді басқару жүйесін қамтамасыз еткен өте маңызды.
Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге байланысты жұмыс күшінің жұмыстан жаппай босатылуына жол бермеу мақсатында Алматы облысына 500-ден астам жұмыскерлері бар 18 ірі кәсіпорынмен Жол картасына қол қою белгіленген. Аталған кәсіпорындарда 13171 адам жұмыс істейді. 2018 жылдың 1 қыркүйегіне жаңғырту мен цифрландыру жұмыстарын жүргізу күтілетін 16 ірі кәсіпорынның басшыларымен Жол картасына қол қойылды. Жол картасына қол қойған кәсіпорындарда 11866 адам жұмыс істейді. Кәсіпорындардың қамтылуы 90 %-ті құрайды деді.
Сонымен бірге «Жол картасы - компанияның қызметкерлерін қолдауға және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған әрекеттерді үйлестіру үшін қарастырылған. Жол картасы жұмыстан босатылу жағдайында қысқартылатын қызметкерлерді бар бос жұмыс орындарына ауыстыруды (компания ішінде), жаңа кәсіптерге қайта оқытуды, ұқсас кәсіпорындарға ауыстыруды, кәсіптік бағдар жүргізуді қоса алғанда Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруға ықпал етуді, ерікті қоныс аударуға жәрдемдесуді, кәсіпкерлікке ынталандыруды, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруды қарастырады»-деп атап өтті.
Сөз соңында, жиынға қатысқан кәсіпорындарға Жол картасына қол қоюға шақырып, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, электрондық еңбек биржасы және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс істеу неғұрлым жұмыста тиімді екенін түсіндірілді.
Кездесу кезінде Г.Енсебаева мен Г.Мусинова шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына" және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес реттелетіндегіне тоқталды.
Бүгінгі күнге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алу үшін құжаттарды электрондық түрде тек "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады деді.
Басқарма қызметкерлері дөңгелек үстелде барлық сұрақтарға толық қанды жауап берді, қорытындысында сындарлы диалог жүргізілді.
Іс шараның сонында қатысқан мекемелерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы брошюралар мен

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru