Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

07092018 22018 жылдың 7 қырқүйегінде Жаркент қаласында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева мен ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің қызметкерлері Г.Енсебаева мен Г.Мусинова Панфилов ауданының 36 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері, шетелдік жұмыс күшін тартушы мекеме басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Жақыбай және халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы К.Аширжанов қатысты.
Дөңгелек үстелде еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасына қол қою мәселелерімен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасын бекіту жұмыстары туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Б.Т.Джақсыбаева баяндама жасады.

070920182018 жылдың 7 қырқүйегінде Шонжы ауылында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Джаксыбаева мен ішкі еңбек рыногын қорғау және әлеуметтік әріптестік бөлімінің қызметкерлері Г.Енсебаева мен Г.Мусинова Ұйғыр ауданының ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері, шетелдік жұмыс күшін тартушы мекеме басшыларымен кездесу өткізді. 
Аталған кездесуде еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасына қол қою мәселелерімен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол картасын бекіту жұмыстары туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Б.Т.Джақсыбаева баяндама жасады.

new31072018 12018 жылғы 31 шілдеде өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Т.Джаксыбаева «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының үшінші бағыты «еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» аясында жұмыс күші артық облыстардан жұмыс күші тапшы облыстарға ерікті қоныс аудару жүзеге асырылатынын хабарлады.
Ағымдағы жылы облыстан 461 отбасыны ерікті қоныс аудару жоспарланған.

18072018 2018 жылдың 18 шілдесінде Қапшағай қаласында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы З.Ә. Илимжанова "Мареван Фуд Тянь-Шянь", "Кнауф гипс Қапшағай",  "Мотостроительный отряд № 25 им.Рязанова А." сияқты ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Жиналыста аталған кәсіпорындардың еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны жөніндегі Жол карталарына қол қою мүмкіндігі қарастырылды.

З.Илимжанова өз сөзінде, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында ірі кәсіпорындарды жаңғырту нәтижесінде туындайтын еңбек ресустарының басқарылатын ағыны үшін жағдай жасау туралы тапсырмасына сәйкес, Жол карталарының әзірленгеніне  тоқталды.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru