Кіру сайты

 Зайда Әбдімаманқызы ИЛИМЖАНОВА

 Зайда Әбдімананқызы ИЛИМЖАНОВА

1967 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Талдықорған сыртқы заң институтын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған су құрылысы тресінің инженері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Алматы облысының салық жүйесі саласында жұмыс істеді. Әр жылдары Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының инспекторы, бөлім бастығы, инспекция бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаратал аудандық салық комитетінің төрағасы, Алматы облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Текелі қаласы бойынша салық басқармасының басшысы, Алматы облысы бойынша салық депатраменті басшысының орынбасары, Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып
қызмет атқарған.
2017 жылдың 10 мамырынан – Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

 

abdaliev e АБДАЛИЕВ Ерлан Жеңісбайұлы

Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы 1980 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген.

2001  жылы Алматы коммерциялық институтының қаржы-несие факультетін бітірген.

2001-2004 жылдары «Қапшағай су-құтқару орталығы» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық және акваторийды дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2004-2009 жылдары «Текелі қаласының экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, жетекші  маманы, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бастығының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2009 жылдан  «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтін атқарды.

2018 жылдың 26 қаңтарынан  Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының  орынбасары.

 

 

 

 

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61