Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

 ilimjanova

 Зайда Әбдімананқызы ИЛИМЖАНОВА

1967 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, Талдықорған сыртқы заң институтын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған су құрылысы тресінің инженері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы Алматы облысының салық жүйесі саласында жұмыс істеді. Әр жылдары Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының инспекторы, бөлім бастығы, инспекция бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Қаратал аудандық салық комитетінің төрағасы, Алматы облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Текелі қаласы бойынша салық басқармасының басшысы, Алматы облысы бойынша салық депатраменті басшысының орынбасары, Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып
қызмет атқарған.
2017 жылдың 10 мамырынан – Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.

 

 

abdaliev e АБДАЛИЕВ Ерлан Жеңісбайұлы

Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы 1980 жылдың 18 мамырында Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген.

2001  жылы Алматы коммерциялық институтының қаржы-несие факультетін бітірген.

2001-2004 жылдары «Қапшағай су-құтқару орталығы» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық және акваторийды дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2004-2009 жылдары «Текелі қаласының экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, жетекші  маманы, «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесі бастығының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.

2009 жылдан  «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтін атқарды.

2018 жылдың 26 қаңтарынан  Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының  орынбасары.

 djaksibaeva b t

ДЖАКСЫБАЕВА Бахит Тоқтарқызы

1962 жылы туылған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист және Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Текелі құрылыс материалдары және конструкция комбинатында арматурашы ретінде бастап, кейіннен краншы болып жұмыс атқарды.                         Әр жылдары банк жүйесінде бухгалтер, экономист, аға және бас экономист болып еңбек етті.

1998 жылдан әлеуметтік салада жұмыс атқаруда.

1998-2005 жылдары Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары;

2005 жылдан Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бөлім басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2018 жылдың 7 маусымынан Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

 

 

 

 

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru