Навигация

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

1810181Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №228 қаулысына сәйкес, облыс бойынша психоневрологиялық интернат – үйлеріне кезекте тұрған адамдардың санын азайту мақсатында, ағымдағы жылдың 15 қазанында Алакөл ауданының Қабанбай ауылында Алматы облысынының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Мекеме 40 орынға арналған.
"Шуақ" Алакөл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Мекеменің функцияларына келесі міндеттер кіреді:
1) қызмет алушыларға үй жағдайына жақындатылған, жасы мен денсаулық жағдайына барынша барабар тыныс-тіршілік жағдайын жасау;
2) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді бекітілген стандартта белгіленген көлемге сәйкес көрсету;
3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және кірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
5) кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық және психикалық күш көрсетуден, қорлаудан, дөрекіліктен қорғау болып табылады.
Сонымен қатар, 8 арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-сихологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық).

1810182

 

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru