Навигация

feed-image RSS Лента

Кіру сайты

Сенім телефоны

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ"
ММ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 
8 (7282) 32-92-61

20180713 104826

2018 жылдың 13 шілде айында «Қамқор» Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде елордамыз Астананың 20 жылдығына орай «Спорт алаңының» ашылу салтанаты өтті.  Айтулы шараға  қамқорлық жасап, қол ұшын берген Қанат мырзаның осы алаңды  тұрғызу  үшін  4 млн теңге  сома қаржысы жұмсалды.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – азаматтық парыз. Өмірде   осындай  жарымжан жандар  үшін  көмегін  аямайтын  жүрегі  жұмсақ  жандардың  көбірек  болғаны  абзал.

Мерекелік шарада «Қамқор» балалар үйінің қызмет алушылары демеушілерге, арнайы келген қонақтарға би шашуын арнап, әсем ән шырқалды. Бұл күні барлық жанның көңілдеріне жылулық сезімін ұялатқан әдемі бір кештің куәсі болдық.

Облыс бойынша, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 12 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 2001 орынға арналған 9 стационарлық үлгідегі мекемелер.

Қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
Осы бағдарлама бойынша қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 570 орындық 2 Орталық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде.
(«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 350 орындық, «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ - 220 орындық).

2016 жылдан бастап барлық мекемелер медициналық-әлеуметтік мекемелерден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына өзгертілді.

Облыс бойынша, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 12 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде: 2001 орынға арналған 9 стационарлық үлгідегі мекемелер.
2-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары («Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ- 350 орындық, «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ – 220 орындық).

«Үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі»
«Адам саудасы құрбандары мен Тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету»

Облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жұмыстары жүргізілуде.
Жылдан жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің саны мен оларға бөлініп отырған қаржы мөлшері ұлғайып келеді.
2014 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 15,9 млн.теңге қаржы бөлініп, үкіметтік емес ұйымдар арқылы 150 адам қызметпен қамтылған.
2015 жылы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 21,3 млн.теңге қаржы бөлініп, үкіметтік емес ұйым ұйымдар арқылы 150 адам қызметпен қамтылған.

Хабарландырулар

Мемлекеттік қызмет

gos sl kz

etikagos sl ru